БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАР) алтын шахталарының бірі опырылып, салдарынан 18 адам үйінді астында қалды. Бұл туралы жексенбі күні жергілікті төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап Синхуа агенттігі хабарлады.
Апат сенбі күні сағат 13:40-та Қытайдағы ШҰАА-ның Іле қазақ автономиялық ауданындағы Инин уезінде болды.
Төтенше жағдай кезінде барлығы 40 адам жер астында болған.
Құтқару операциясының нәтижесінде 22 адам шығарылды, тағы 18 адам құрсауда қалып қойды.
Қазір оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Фото: pinterest.com
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.