Шыңжанда лаңкестіктің салдарынан 21 адам ажал құшты, 24-і жарақаттанды

БЕЙЖІҢ. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысында Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданында лаңкестік шабуылдың салдарынан 24 адам опат болды.

Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі жазып отыр.

Лаңкестік шабуыл 26 маусым күні Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданының әкімшілік орталығы Үрімші қаласынан 250 шақырым жерде Турфан округы Шаньшань үйезінде орын алған. Қаза тапқан 24 адамның арасында 16-сы ұйғыр, оның ішінде екі тәртіп сақшысы бар. Сонымен қатар 21 адам жарақаттанған.

26 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5.50-де белгісіз адамдар тобы полицияның, патрульдік полицияның арнайы бөлімшесінің учаскесіне, жергілікті әкімшіліктің ғимаратына, мигрант жұмысшылардың құрылыс алаңына шабуыл жасады. Тәртіп сақшыларымен қақтығыста олардың 11-і көз жұмды, төртеуі қолға түсті.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне қарағанда бүгінде аудандағы жағдай тұрақтанған.