Шыңжаңда магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі болды

БЕЙЖІҢ. 26 қараша. ҚазАқпарат - Қытайдағы ШҰАР-да дүйсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 13:33-те Рихтер шкаласы бойынша 5,5 балдық жер сілкініс болды,

деп хабарлады осы елдің сейсмологиялық қызметінен.

Жер сілкінісінің ошағы қытайлық Шыңжаңның оңтүстік-шығысындағы Ганьсу провинциясымен шекаралас Байынғұл-Моңғол автономдық облысында 8 шақырым тереңдікте болған. Құрбандар мен қиратулар туралы әзірше ақпарат келіп түскен жоқ.