Қытайлық БАҚ ақпараттары бойынша, олар ғимаратқа басып кіріп, полицияға шабуыл жасаған, адамдарды кепілдікке алып, өрт ұйымдастырған. Бір жарым сағатқа жалғасқан операция барысында шабуыл жасаған 14 адам қаза тауып, төртеуі қолға түсті. Кепілдікке алынған алты адам босатылды. Қарулы халықтық әскердің бір сарбазы, бір жасақшысы және екі кепіл көз жұмды.
Ресми биліктің айтуынша, полиция бөліміне шабуыл жасаған ер адамдар 20 мен 40 жас аралығындағы ұйғыр ұлтының өкілдері. «Олардың барлығы экстремистік діни ұйымның мүшесі болған. Олар діни ұрандар айтып, тулар көтеріп шықан», - деді аймақтық ақпараттық басқарманың бастығы Хоу Ханмин.
Қытай билігі полиция учаскесіне жасалған шабуыл «лаңкестік акциямен жоспарланған» деген пікірде.