Хотан қаласы полициясының хабарлауынша, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің оңтүстік-шығысында тағы бір адам ұсталған.
Шыңжаң аймағы қытайлықтардың ұйғырлармен жиі қақтығысының орнына айналды. 2009 жылы аймақ астанасы - Үрімжі қаласындағы ауқымды этникалық тәртіпсіздіктер екі жүзге тарта адамның мерт болуына соқтырды, олардың көпшілігі - қытайлықтар.
2014 жылғы наурызда Куньмин қаласы теміржол вокзалындағы жаппай кісі өлтіру кезінде 29 адам өлді. Ағымдағы жылғы мамыр айында Үрімжідегі базарда бомба жарылуынан 31 адам құрбан болды. Бұдан кейін Қытай билігі полицей жасақтарын, Шыңжаңның басты елде мекендеріне әскери қатысуын күшейтуге шешім қабылдады.
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр өлкесіндегі жағдай ұлттық азшылықтың орталық билікті діни және мәдени еркіндіктерін тежеп отыр деген айыптауларынан кейін ушығып кетті. Қытай билігі өз кезегінде, аймақтағы адамдар тұрмысын жақсартумен белсенді айналысып жатқанын мәлімдеуде.