Бұл туралы ҚазАқпарат Қытайдың «Халық газетіне» сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған ұжым мамырдың 1-нен 15-сіне дейін Шанхайда концерттік бағдарламалар қоймақшы. «Шанхай дүниежүзілік көрмесі - бүкіл әлем жұртшылығы назар аударып отырған, әр елдің экономика, мәдениет саласындағы соны серпілістері бір арнаға тоғысатын тамаша сәт. Біздің бұл көрмеге жолдама алуымыз Шыңжаңдағы әр ұлт халқы үшін үлкен мерей болды. Біз осы орайда қазақ ұлтының әдет-ғұрпын бейнелейтін жар-жар, қаражорға сынды бай мазмұнды ән-билеріміз арқылы қазақ ұлтын әлемге танытуға күш саламыз», - дейді Алтай қалалық көркемөнер ұжымының жетекшісі Жалын Қайсаұлы.