АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі тәртіпсіздік салдарынан 16 адам құрбан болды. Олардың арасында екі полиция қызметкері бар. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Тәртіпсіздіктің екі қатысушысы ұсталып, қамауға алынды.
Бұл оқиға жексенбі кешке Қашғар қаласының маңындағы ауылдардың бірінде орын алды.
Полиция қызметкерлері күдікті қылмыскерлерді тұтқындауға барған кезде пышақ және қолдан жасалған жарылғыш зат ұстаған бір топ адам шабуыл жасаған.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.