Шыңжаңдағы терактінің ізі суымай ашылды

None
БЕЙЖІҢ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жергілікті құқық қорғау органдары Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданы Қашқар округінің Шачэ уезінде дүйсенбі күні болған лаңкестіктік қылмыстың ізін суытпай ашты,

деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.

Полиция учаскесіне шабуылды құрамында тоғыз адамы бар лаңкестік тобын құрған Усман Барат пен Абдугхени Абдукхадир ұйымдастырған. Алдын ала тергеу кезінде аталған топ «қаржы жинап, жарылатын заттар дайындап, лаңкестік пен зорлық-зомбылық актілерін жасауды жоспарлаған».

Еске сала кетейік, дүйсенбі, 30 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 6:30-да террористер полиция учаскесіне шабуыл жасап, оған жарылғыш заттар лақтырған. Полиция қызметкерлері шабуыл жасағандардың 8-ін оққа ұшырды, біреуін тұтқындады.

Оқиға орнынан 25 жарылғыш зат пен 9 суық қару тәркіленді.

Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, арнайы шара барысында полицейлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.