Шынжаңның Қырғызстанмен шекаралас аумағында жер сілкінді

БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:26-да Қытайдың Шынжаң өлкесіндегі Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысында,

Атуш қаласының маңайында жер сілкінісі болды. Зілзала магнитудасы 5 баллды шамалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қытай сейсмологтарының хабарлауынша, зілзала кіндігі 40,1 градустағы солтүстік ендікте, 77,4 градустағы шығыс бойлықта орын алған. Атуш қаласы Шынжаң Қашғарынан солтүстікке қарай, Қырғызстанмен арадағы мемлекеттік шекараға жақын орналасқан.