Шырын жасаймын деп жарылыс жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Тотава қаласында фармацевтикалық лабораторияның ғимаратында қатты жарылыс болды.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, лаборатория қызметкерлері бірегей шырын жасамақ болған. Олар жаңа рецепт бойынша шырынға жасанды хош иістендіргіш қосады.

Нәтижесінде, шырын құйылған ыдыс жарылып кеткен. Жарылыс салдарынан екі адам зардап шеккен, сондай-ақ ғимараттың бір қабырғасы опырылып қалды.