ШЫҰ аясында еркін сауда аймағы 2020 жылы құрылуы мүмкін

ЧЖЭНЧЖОУ. ҚазАқпарат - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары сауда және экономика министрлеріне ШЫҰ аясында еркін сауда аймағын қалыптастыруды келісу бойынша шаралар өңдеуді тапсырады.

Бұл туралы ҚХР Мемкеңес Премьері Ли Кэцян хабарлады.

«Тек шағын құрамда біз экономика және сауда министрлеріне ШЫҰ аясында еркін сауда аймағын қалыптастыруды келісу бойынша шаралар жасақтауды тапсыратынымыз жайлы уағдаластық. Қытай тарапы ШЫҰ аясында сауданы оңайлату жөніндегі арнайы құрылған топтың мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды, 2020 жылы тауарлар, капиталдар, қызметтер мен технологияларды еркін орналастыруды жүзеге асыру үшін күш жұмылдыруды ұсынды», - деді ол отырыс барысында.

Сауданың жаңа нысандарын іздеуге байланысты Ли Кэцян таяу уақытта ШЫҰ электрондық сауда бойынша Сауда-өнеркәсіптік қауымдастығын құруды ұсынды. «Бұл ШЫҰ-ға қатысушы елдер кәсіпорындарына жедел трансшекаралық электрондық кооперациялау үшін қолайлы жағдай ұсынады», - деп атап өтті қытайлық премьер.

Ол бүгінде Қытай 20 елмен және өңірлермен еркін сауда туралы 14 келісімге қол қойғанын хабарлады.