ШЫҰ аймақтағы қауіпсіздік туралы мәселені қараудағы маңызды форумға айналып отыр - ШЫҰ Бас хатшысы Болат Нұрғалиев

None
БЕЙЖІҢ.   Желтоқсанның  24-і.  ҚазАқпарат  /Руслан  Сүлейменов/ -  Сәрсенбі күні   Бейжіңде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының   Хатшылығында    Ұйымның Бас  хатшысы   Болат Нұрғалиевтың      миссиясының аяқталуына  орай     қабылдау  өтті.

Өз  сөзінде   ШЫҰ Бас  хатшысы   өзінің және  әріптестерінің атына айтылған    жылы сөздері  үшін    Қытайдың Сыртқы істер министрінің  орынбасары  Хэ  Яфейге,     қытайдағы дипломатиялық миссиялардың басшыларына алғысын  білдірді.

Біз  айналысуға тура келген    маңызды істердің     қатарында     ШЫҰ-ның халықаралық    байланыстарын   дамыту,   достас  елдермен және    аймақтық     ұйымдармен   серіктестік  орнату  болды, -  деп атап көрсетті Болат Нұрғалиев өз сөзінде.   Қауіпсіздік  ығыттарына  бірлесіп қарсы күресу және  соғыстан кейінгі  елдегі    жағдайды реттеуге  қолдау көрсету мақсатында    Ауғанстанмен  өзара іс-қимылға   айрықша маңыз берілді.   «Оған  қоса,   Беларус   және  Шри-Ланка елінің    ШЫҰ-ның  диалог бойынша  серіктестері мәртебесін алуын     да аса   оң  нәтиже деп  санаймын»,  деп атап көрсетті    Б.Нұрғалиев.

Желтоқсанның  18-інде    БҰҰ Бас  Ассамблеясының 64-ші сессиясында  бірауыздан «БҰҰ    және  ШЫҰ арасындағы  ынтымақтастық туралы»  қарар      қабылданды.  «Онда,   атап  айтқанда,  ШЫҰ-ның    аймақтағы қауіпсіздік  туралы мәселелерді  жан-жақты  қараудағы   маңызды форумға  айналып отырғаны  атап  көрсетілді.   Ұйымның қазіргі  ролі мен әлеуетіне елемдік қоғам тарапынан беріліп отырған   бұл   жоғары баға   әр  нәрсеге міндеттейді»,  - деп атап көрсетті ШЫҰ Бас   хатшысы  өз сөзінде.

«Өз  ісіне  берілген   кәсіпқойлармен   жұмыс істеу мүмкіндігі  үшін     ризамын.  Солардың  бірлескен  күш-жігерлерінің арқасында    саяси, экономикалық  және    гуманитарлық өлшемдегі  ШЫҰ  қызметі,       Ұйымға мүше алты мемлекеттің - Қазақстан, Қытай,  Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан  елдері басшыларының     ортақ бағасы    бойынша,   -   қарқынды  және   нәтижелі  болды»,  - деп түйінді    Б.Нұрғалиев өз  сөзін.