Бішкекте шілденің 24-інде болған баспасөз мәслихатының барысында болып өткен сайлауға өз бағасын Орталық сайлау комитетінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері енген Шанхай ынтымақтастығы ұйымының миссиясы да берді.
Миссия сайлаудың демократиялық жағдайда өткенін және жалпы алғанда Қырғыз Республикасы ұлттық заңнамасының және оның қабылдаған халықаралық міндеттемелерінің талаптарына сай өткенін атап өтті.