ШЫҰ Бас хатшысы Д.Мезенцев: Астана - бар ұлт үшін біріктірудің үлгісі

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Астана бар ұлт үшін біріктірудің үлгісі болып саналады. ҚХР астанасында өткізілген «Қазақстан бүгін және ертең» атты дөңгелек үстел барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Дмитрий Мезенцев осылай айтты.

Ел Президентінің бастамасымен жаңа елорда -Астана, Қазақстанның мақтанышына айналған заманауи, ырғақты даму үстіндегі қала тұрғызылды.

Және біз бүгінгі күні бұл жобаның тек жаңа қалалық инфражүйесінің құрылысы емес, бұл барлық ұлт үшін біріктірудің үлгісі, бір адамның болашаққа сеніміне миллиондаған адамды ұйыстыра ертудің үлгісі екендігін көріп отырмыз»,-деп атап өтті ол.

Д. Мезенцев сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы ықпалының үнемі өсіп жатқандығын да тілге тиек етті.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында ел аймақта ғана емес, бүкіл әлемге танымал болғандығын баса айтты ол.

Еске сала кетсек, бұл шараны Қытайдың шет елдермен халықтық достастық қауымы мен ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі және Қытай және Орталық Азия достастық қауымы ұйымдастырды. Басқосуға 70-тен астам адам - дипломатиялық корпус, ғылыми орта, БАҚ өкілдері қатысты.