ШЫҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстандық тараптың шақыртуымен 2017 жылғы 4-6 сәуір аралығында ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов Қазақстанға келіп, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-ші кездесуіне қатысады, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі Астанада осы жылы 8-9 маусымда өтетін ШЫҰ Саммиті қарсаңындағы алғашқы маңызды кезеңді шара болып табылады.

Кездесу барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер  өкілдері ШЫҰ кеңістігінде, тұтастай әлемде  қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады.

Кездесу қорытындысы бойынша Президенттің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов пен ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимовтың бірлескен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сапар аясында бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.

ШЫҰ бас хатшысы «ЭКСПО - 2017» көрмесіне ШЫҰ павильонын салу жұмыстарының барысымен танысады. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының тыңдаушыларымен кездесіп, Назарбаев Университеті профессорлық-оқытушылық құрамымен, студенттерімен кездеседі.