«Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үрімжі қаласында орын алған лаңкестік акті туралы суық хабарды терең күйзеліспен қабылдады», делінген ШЫҰ ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.
«Ондаған адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды, туысқандарынан айырылған, сондай-ақ лаңкестіктен зардап шеккен отбасыларға қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз және бұл лаңкестік актіні батыл айыптаймыз», - делінген мәлімдемеде.
ШЫҰ бас хатшысы «лаңкестік белсенділікке тиімді қарсы әрекет жасау үшін халықаралық қоғамдастықтың өзара іс-қимылын өрістете түсуді жалғастыру маңызды, бұл Шанхай ынтымақтастық ұйымы үшін басым міндет болып табылатынын» баса айтты.
Еске сала кетейік, бейсенбі күні таңертең ШҰАӨ әкімшілік орталығы - Үрімжі базарларының бірінде жарылыстар сериясы орын алды, олардың салдарынан 31 адам қаза тауып, 94 адам зардап шекті.