ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстан халқы бірлігінің факторларын атады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру Қазақстан халқының бірлігін ары қарай бекемдеуге септігін тигізетін болады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне сұхбат берген Шанхай Ынтымақтастың ұйымы Бас хатшысының орынбасары Ван Кайвэнь айтып берді.

«Көпұлтты Қазақстанда Тәуелсіздік алған сәттен бастап Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ұлтаралық бейбітшілік пен келісім сақталып келеді. Барлық этникалық топтардың өкілдері бірлесе отырып, жарқын болашақтың негізін қалап жатыр. «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында Қазақстанның көпұлтты халқы мемлекет пен экономикалық құрылымдауда жаңа нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдіміз», - деді Ван Кайвэнь.

Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

«Ассамблеяның арқасында әрбір этникалық топ мемлекеттің дамуына қатысты өз ұстанымын білдіріп, Қазақстанның жарқын болашағын құруға үлес қоса алады», - дейді ол.

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстан мен басқа да ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлтаралық ынтымақты нығайту, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасының векторын дамытуға ықпал ете алатынына сенім білдірді