деп хабарлайды ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Отырыстың жұмысына ШЫҰ-на мүше мемлекеттер - Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның жоғарғы қадағалау органдарының басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысының және ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы Атқару комитетінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында коррупцияға қарсы әркеттер және терроризм мен экстремизм көздерін жою мәселелері талқыланды.
А. Дауылбаев отырыс қатысушыларын Қазақстанда жемқорлық, лаңкестік, экстремизмге қарсы әрекеттер бойынша өткізіліп отырған жұмыстар туралы ақпараттандырып, аталған проблемалардың шұғыл әрі жан-жақты реакцияны талап ететін қазіргі заманның өзекті мәселелері болып табылатынын атап өтті.
ШЫҰ Бас прокурорларының 10-шы отырысының қорытындылары бойынша трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бойынша біріккен күштерді белсендетуге және бұл бағыттағы тиімді, үйлестірілген саясатты жүргізуге бағытталған хаттама қабылданды.
Душанбеде Қазақстанның Бас прокуроры Тәжікстан, Қытай, Қырғызстанның жоғарғы қадағалау органдарының жетекшілерімен екіжақты келіссөздер өткізді. Кездесулердің барысында қылмыспен күрес саласындағы көкейкесті мәселелер мен ынтымақтастықтың аспектілері талқыланды.