Кандидаттың сенімді өкілдері халықаралық бақылаушылар тобымен кездесті. Жиын барысында штаб басшысы Берік Бекжанов елімізде өтетін кезекті президент сайлауын бақылаушыларға алғысын білдіріп, сайлауалды шаралар барысын жеткізді. Штаб төрағасы кандидаттың тұғырнамасын таратып айтып, еліміздегі ең ірі ұйым-кәсіподақтың қызметіне тоқталды. Берік Бекжанов халықаралық бақылаушы Сергей Сметанниковке «Профсоюзы: теория и практика» кітабын сыйға тартты.
Онымен қоса Сергей Сметанников жергілікті халықтың саяи белсенділігін тілге тиек етіп, азамттардың билікке сенімінің жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, штабтың сайлау қарсаңында атқарып жатқан үгіт-насихат шараларына жоғары бағасын берді.