ШЫҰ елдері ақпараттық кеңістіктегі Әдеп кодексін әзірлемек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері ақпараттық кеңістіктегі Әдеп кодексін әзірлемек. Бұл туралы бүгін ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшылары 2017 жылдың 9 маусымында, Астанада қол қойылған Эстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ШЫҰ конвенциясы жаңа сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық құқықтық базаны нығайтуға септігін тигізетіндігін атап өтті. Эстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ШЫҰ конвенциясы ШЫҰ-ның барлық мемлекеттерінің қауіпсізідігін нығайтуға, олардың құзертті органдарының тиімді ынтымақтастығын арттыруға және бұл саладағы зңнамаларды жетілдіруге бағытталған», - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, Мемлекет басшылары ШЫҰ аясында бірлескен жоабаларды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында ШЫҰ Даму банкін, Даму қорын құру мәселелерін талқылау бойынша эксперттік деңгейдегі консультацияларды жалғастыру маңыздылығын атап өткен.
«Мемлекет басшылары БҰҰ аясында ақпараттық кеңістіктегі мемлекет жауаптылығының ережелері, ұстанымдары мен нормаларының әмбебап жосық кодексін әзірлеуді жақтады. Сонымен қатар олар ақпараттық-коммуникациялық саладағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын атап өтіп, ББҰ-ның орталық үйлестіруші рөлі аясында тиісті халықаралық-құқықтық құжат дайындауға шақырды», - деді Алимов.