Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан әскери өкілдерінің келіссөзі жаттығу өтетін ауданға - Жамбыл облысындағы Мәтібұлақ полигонына сапардан басталды. Жаттығу жетекшісі, Қазақстан Қарулы Күштері Құрғақтағы әскерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Сәкен Жасұзақов өз әріптестерімен алдағы бірлескен жаттығудың мәселелерін дала жағдайында талқылайды.
ШЫҰ елдерінің әскери сарапшылары Алматыда осымен үшінші рет бас қосып отыр.