Оқу-жаттығулардың белсенді фазасына Қорғаныс министрі, ҚР Қарулы Күштері Бас штабының басшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қатысты.
Әскери қызметшілер лаңкестер билікті немесе ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірінің аумағын басып алған жағдайда қарулы күштердің бірлескен әрекеттерін іс жүзінде пысықтады.
Бұған дейін хабарланғандай, оқу-жаттығуларға ШЫҰ елдері қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден астам әскери техникасы қатысты.