Өзбекстан СІМ деректеріне сәйкес, 15-17 наурызда Бейжіңде туризм саласындағы өзара іс-әрекет мәселелері бойынша ШЫҰ мемлекеттері сарапшыларының кездесуі өтті.
«ШЫҰ-ның Ташкентте өтетін саммитінің нәтижесі бойынша жоспарланған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туризм саласындағы ынтымақтастығын дамыту бойынша бағдарлама жобасы талқыланды», - делінген хабарламада.
ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді. Бақылаушы мәртебесіне Беларусь, Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан, Ауғанстан ие. 2015 жылғы шілдеде ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанды қабылдау рәсімі іске қосылған. Уфада ШЫҰ саммитінде ұйымға төрағалық ету Ресейден Өзбекстанға өткен. ШЫҰ саммиті 2016 жылы 23-24 маусымда Ташкентте өтеді.