ШЫҰ елдері Жоғарғы соттарының басшылары әлемдік дағдарыс жағдайында меншік құқықтарын қорғау мәселелерін талқылайды

None
БІШКЕК.  Қыркүйектің 2-сі.  ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ -  Қыркүйектің   бірінші онкүндігінде Ыстықкөл жағалауында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің  Жоғарғы сот төрағаларының   төртінші кеңесі  өтеді.

Қырғыз  Республикасы Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен   хабарлағандай,     қыркүйектің 9-10-ы күндері  өтетін форумға    қатысушылар   әлемдік  дағдарыс жағдайында меншік  құқықтарын  қорғаумен байланысты  мәселелерді, сондай-ақ    Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдеріндегі  ювенальдық    әділеттің   дамуымен   байланысты  мәселелерді  талқылайды.

Қазақстан делегациясын      Жоғарғы сот  төрағасы Мұсабек   Әлімбеков  бастап   барады.  Кеңес  жұмысына  Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бас   хатшысы Болат  Нұрғалиев те  қатысады.