ШЫҰ елдері Жоғарғы соттарының басшылары әлемдік дағдарыс жағдайында меншік құқықтарын қорғау мәселелерін талқылайды

БІШКЕК. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қыркүйектің бірінші онкүндігінде Ыстықкөл жағалауында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағаларының төртінші кеңесі өтеді.

Қырғыз  Республикасы Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен   хабарлағандай,     қыркүйектің 9-10-ы күндері  өтетін форумға    қатысушылар   әлемдік  дағдарыс жағдайында меншік  құқықтарын  қорғаумен байланысты  мәселелерді, сондай-ақ    Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдеріндегі  ювенальдық    әділеттің   дамуымен   байланысты  мәселелерді  талқылайды.

Қазақстан делегациясын      Жоғарғы сот  төрағасы Мұсабек   Әлімбеков  бастап   барады.  Кеңес  жұмысына  Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бас   хатшысы Болат  Нұрғалиев те  қатысады.