ШЫҰ елдеріне терроризм мен есірткіге қарсы күресте күш-жігерін біріктіруі қажет
Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының кеңесі отырысында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Андрей Кобяков мәлімдеді. ШЫҰ-ға әлемдік шақыруларға жауаптар іздеуге, жаһандық бәсекелестікке бейімделуге тура келеді. Осыған байланысты ұйымның рөлі артады. «Құзырлы ведомстволардың өзара іс-қимылы ерекше өзекті болып отыр. Есірткілердің тасымалдануы, заңсыз көші-қон, экстремизм, терроризм трансшекаралық сипатқа ие және онымен хабарласа отырып күресу қажет. Беларусь, ұйымда тек байқаушы екендігіне қарамастан, күреске атсалысуға дайын», - деп ниет білдірді Андрей Кобяков.
Естеріңізге салайық, бүгін Бішкекте ШЫҰ мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының Кеңесі өтуде. Қазіргі сәтте Қазақстан ШЫҰ төрағасы болып табылады, ал 2017 жылғы 8-9 маусымда Астанада Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді.