ШЫҰ елдерінің бизнесмендері мен банкирлері Астанада ЭКСПО-2017 қарсаңында кездеседі

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 12 сәуір күні Бейжіңдегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының хатшылығында ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов ШЫҰ Іскерлік кеңесінің басқарма төрағасы және Қазақстан кәсіпкерлер форумы Кеңесінің төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Әңгіме барысында ШЫҰ Іскерлік кеңес қызметінің белсенді қоғамдық ұйымдастыру алаңы ретіндегі рөлі мен қызметі туралы пікір алмасу болды. Оның экономикалық ынтықмақтастықты кеңейтудегі, көпжақты жобаларды жүзеге асыру мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің іскерлік және қаржылық орталары арасында тығыз байланыс орнатудағы рөлі аталып өтті.

 

Астанада өтетін саммит және ұйымдастыруды кеңейту мәнмәтінінде ШЫҰ Бас хатшысы экономикалық ынтымақтастықты жоғары деңгейге көтеру туралы іскерлік орталар алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға баса мән берді.

Өз кезегінде Баталов ШЫҰ Хатшылығының қызметін жоғары бағалап, бірқатар мәселелер бойынша ШЫҰ Іскерлік кеңесімен белсенді өзара әрекеттестіктің маңыздылығын атап өтті. Ол ШЫҰ Іскерлік кеңесіндегі өз төрағалығы кезінде ынтымақтастықтың қарыштап дамуына үміт білдірді.

Оның айтуынша, ЭКСПО-2017  ашылуы қарсаңында Астанада Банкаралық бірлестік пен ШЫҰ Іскерлік кеңесінің бірлескен отырысы өтеді.