ШЫҰ - Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықтың маңызды элементі - ҚР Премьер-Министрі

БЕЙЖІҢ.   Қазанның  14-і.  ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Осы минуттарда  Бейжіңдегі   Халық өкілдерінің  жиналыс үйінде  Шанхай ынтымақтастығы ұйымы     елдері Үкімет басшылары  кеңесінің  кеңейтілген мәжілісі  өтуде.

Қазақстан  Республикасының Премьер-Министрі  Кәрім Мәсімов   өзінің алғысөзінде,    үкімет басшыларының  мәжілісі     Шанхай үдерісінің даму  жолындағы  тағы бір бірізді   қадам екенін   атап көрсетті.  Үкімет басшысы  жағдайды  пайдаланып   сондай-ақ,       қытайлық достарын Қытай Халық   Республикасының    60 жылдығымен   құттықтады  және       оларға  гүлдену тіледі.

«Бүгінде ШЫҰ факторы -   Еуразиялық   кеңістіктегі   тұрақтылықтың  маңызды  элементі,    заманауи  аймақтық және    жаһандық саясаттың        нақты жағдайы. Сондықтан да,   Шанхай ынтымақтастығы  ұйымының тартымдылығының  өсуі     кездейсоқ емес.     Ұйымның   қауіпсіздік  және  экономика саласындағы  жобаларына   қосылуға ниетті елдер көбеюде,   соның  нәтижесінде     диалог бойынша  серіктес  ретінде қатарға  Беларус  пен  Шри-Ланка  қосылып отыр.  Ұйымның  басқа  халықаралық және  аймақтық құрылымдармен байланысы  нығайып  келеді»,  деп  атап көрсетті К.Мәсімов өз сөзінде.