2001 жылы маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан басшыларының қатысуымен тарихи кездесу өтті. Бүгінде ШЫҰ әлемдегі ең ауқымды халықаралық ұйым болып табылады. ШЫҰ-ға қатысушы елдер Еуразияның 60 пайыз аумағын алып жатыр. Онда Жердің жартысына жуық халқы тұрады.
Он бес жылдықтың қарсаңында Шанхай ұйымына 5 жаңа мемлекет қосылуы мүмкін, қандай ел екені әзірге белгісіз.
ШЫҰ тарихы Қытай ТМД-ға мүше Ресей, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстанмен шекара мәселелерін шешкен кезде, 1996 жылы басталды. 2001 жылы оған Өзбекстан қосылды.