«Нұрсұлтан Әбішұлы, бір байқағаным, ШЫҰ-ның әлемдік дамудың күн тәртібіндегі мәселелерінің бірде-біреуіне ешкім де көзге ілмеуі мүмкін емес, ешкім де», - деді Лукашенко Қазақстан Президентіне қарата.
Осы ретте ол ШЫҰ ең ықпалды халықаралық құрылымдардың біріне жылдам айналып келе жатқандығын баса айтты.
«Өңірлік жанжалдардың қанат жайып келе жатқан жағдайында ғаламшардың шамамен жарты тұрғындары атынан өкілдік ететін елдердің бір-біріне жақындай түсу процесі айрықша құндылыққа ие болуда. Ауызбіршілік пен бірлік - терроризм, экстремизм, ұйымдасқан қылмысты қоса алғандағы қазіргі сын-қатерлерге қарсы тұрудың маңызды факторы», - деді Беларусь басшысы.
Оның пайымынша, ШЫҰ беделінің нығая түсуіне оған мүше елдер санының да арта түсуі дәлел бола алады.
«Қуатты екі мемлекет - Үндістан мен Пәкістан оның толық құқылы мүшесіне айналады. Бұл маңызды нәтиже екендігі сөзсіз. Бұл ұйымымыздың батыл әрі жауапты қадамы. Осынау қуатты мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастың белгілі бір түйткілді проблемалары да бар екендігін жасырмайық және бүгін сіздердің оларды ШЫҰ құрамына қабылдауларыңыз сіздердің жауапты адам екендіктеріңізді білдіреді. Осылайша сіздер бұл пробелманың шешімін де өздеріңізге алып отырсыздар», - деді Александр Лукашенко.