«Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті қарсаңында ШЫҰ-ға мүше елдердің дипломатиялық өкілдіктері арасында футболдан турнир өткізейік деп шешім қабылдадық. Меніңше, мұндай шара ШЫҰ-ға мүше елдердің арасындағы достық пен өзара түсіністікті тереңдете түсетін болады. Бұл өте жақсы әрі қызықты шара деп білемін», - деді турнирдің ашылуына сөз сөйлеген ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьxуэй.
Осы ретте Елші ағымдағы жылдың маусым айында ШЫҰ саммиті Қытайдың Циндао қаласында өтетіндігін еске салды.
«Біз ұйымға мүше елдердің барлық Президенттерін күтеміз және бұл саммиттің ШЫҰ-ға мүше қолдауымен барынша табысты өтетіндігіне сенім артамыз. Айта кетерлігі, бұл осы жерде ұйымдастыратын соңғы шара болмақ. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып өздеріңізбен қоштаспақпын. Қазақстандағы өз миссиямды аяқтап, 17-сі күні еліме ұшып кетемін», - деді ол дипломатиялық өкілдік басшыларына қарата.
Ал Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин турнирге қатысушыларға табыс тіледі.
«Ағымдағы жылы Ресейде футболдан әлем чемпионаты өтеді. Біз барынша жақсы дайындалуға тырыстық. Командамызды жақсылап дайындап қана қоймай, қатысшы елдердің жанкүйерлері мен спортшылары үшін де қолайлы инфрақұрылым жасауға тарыстық. Баршаңызды футболдан әлем чемпионаты өтетін кезде Ресейге келуге шақырамын», - деді ол.
Айта кетсек, турнирге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан командалары қатысуда.