Аталған шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А. Цой, ҚХР денсаулық сақтау және тууды жоспарлау бойынша Мемкомитет төрағасының орынбасары Сунь Чжиган, Қырғызстан Республикасының денсаулық сақтау министрі С. Батыралиеа, Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі В. Скворцова, Тәджікстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бірінші орынбасары Л. Бобоходжаева және т.б. қатысты
«Жиын соңында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің Қорытынды өтініші мен Хаттамасына қол қойылды. Онда тұрғындардың денсаулық қауіпсіздігін сақтау мақсатында ШЫҰ мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесін реформалауды жалғастыру, ғылыми-практикалық кеңестер, конференциялар мен семинарларда тәжірибе алмасуды жалғастыру туралы жазылған», делінген хабарламада.
Атап өту керек, Өзбекстан тарабы келесі кездесуді 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Өзбекстанда өткізу туралы ұсыныс білдірді.