Салтанатты кеш Сатылғанов атындағы қырғыз ұлттық филармониясында өтті.
Концертті ұйымға мүше елдердің басшылары да тамашалады. Яғни мәртебелі меймандар арасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та болды.
Саммит қонақтарының назарына қырғыз халқының көне және заманауи өнер туындылары ұсынылды. Сондай-ақ өзге елдердің арнайы музыкалық қойылымдары көрсетілді. Мәселен, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы «Гүлдерайым» әнін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.