Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс министрлері қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Ұйым форматында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты.
Кеңеске қатысушылар әскери саладағы сенім шараларын нығайту мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігерін үйлестіру Ұйымның күн тәртібінде өзектілігін сақтайтынын атап өтті.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының келесі кездесуі 2024 жылы Қазақстанда өтеді.
Еске салайық, отырыс аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов өзінің әріптестері – Үндістан қорғаныс министрі Раджнатх Сингх және Қытай Халық-азаттық армиясының қорғаныс министрі генерал-полковник Ли Шанфумен кездесті. Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.