Иран ШЫҰ-ғы байқаушы статусына ие. Сенбі күні Ресей астанасында өтетін ШЫҰ СІМ басшылары кеңесінің қарсаңында Елші «ШЫҰ-ның тұжырымдамасы Иранның аймақтық және әлемдік мәселелерге қатысты көзқарасына сәйкес болып отырғанын» мәлім етті.
«ШЫҰ үшін де Иран маңызды ел болып табылатынына сенімдімін. Иран ұйымға Таяу Шығыс, ислам әлемінде және жалпы алғанда бүкіл аймақта жинаған тәжірибесі мен ықпалын әкеле алар еді. Егер Иран ШЫҰ-на толық қосылған жағдайда, ұйым тек ұтар еді», - деді Санаи.