Оған ШЫҰ хатшылығының, ҚХР СІМ және ұйымға мүше мемлекеттердің ҚХР-дағы елшіліктерінің командалары қатысты.
Шараның ашылу салтанатында ҚХР ШЫҰ істері бойынша ұлттық үйлестіруші Пяо Янфан: «дәл қазір Рио-де-Жанейрода жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатса, Бейжіңде маңыздылығы бір мысқал да кем емес «ШЫҰ Кубогына» футбол ойындары өтіп жатыр. Және бұл ойындардың ең басты қорытындысы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы достықтың нығаюы болмақ», - деді.
Сөз соңында қытайлық дипломат футбол командаларына сәттілік тіледі.
Тартысты ойында бірінші орынды ҚХР-дағы Ресей елшілігі иеленді. Екінші және үшінші орындар ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі мен ҚХР Сыртқы істер министрлігіне бұйырды.
Арнайы жүлдедер мен естелік кәдесыйлар ойын төрешілеріне де берілді. Сондай-ақ, ойыншылар «Үздік ойыншы» (РФ елшілігі құрамасының өкілі), «Үздік шабуылшы» (ҚР елшілігі құрамасының өкілі), «Үздік қақпашы» (РФ елшілігі құрамасының өкілі), «Үздік капитан» (ҚР елшілігі құрамасының өкілі), «Үздік қорғаушы» (ҚХР СІМ құрамасының өкілі) және «Үздік ойын үшін» (ШЫҰ хатшылығы құрамасының өкілі) номинациялары бойынша марапатталды.
14:49, 09 Тамыз 2016
«ШЫҰ Кубогы» футбол турнирінде Қазақстан екінші орын алды (ФОТО)
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) төрағалығы аясында Ұйымның 15 жылдығына орай, «ШЫҰ Кубогына» футболдан жолдастық кездесу өтті.