«МБК отырысы ШЫҰ-ға төрағалық етуші Қытай тарапының шақыруымен маусымның басында өтеді. Оған сегіз ел: Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қатысады», - деді ол.
Бас хатшының сөзіне қарағанда, саммиттің күн тәртібі алдағы айларда егжей-тегжейлі айқындалады. «Қауіпсіздік, экономика және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сияқты барлық бағыттар талқыланады», - деді Алимов.
Бас хатшы ШЫҰ-ның осы жолғы кешенді шарасы еуразиялық «сегіздік» форматындағы алғашқы жиын болады.
«Маңызды оқиғаға дайындалуға Астанадағы саммиттен кейін бірден кірісіп кеттік. 40-қа жуық шара өтеді, соның ішінде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан әйелдер форумы мен БАҚ форумы айтулы оқиға болғалы тұр», - деді бас хатшы Рашид Алимов.