ШЫҰ-ның 10 жылдығына және Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аясында мерейтойлық монета мен пошта маркасы айналымға енгізілді
және «Қазпошта» АҚ шығарған «ҚР ШЫҰ-ға төрағалығы» атты пошталық марканы салтанатты түрде айналымға енгізу рәсімі өтті.
«Бұл - биылғы жылы Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық етуіне өте маңызды көмекші, ілеспелі ақпараттық үлес болып табылады»,-деді шара барысында ШЫҰ-ның Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев.
«ҚР ШЫҰ-ға төрағалығы» атты пошталық марканың өлшемі - 28х40 мм, номиналы - 210 теңге, таралымы - 50 мың дана. Перфорациясы жоталы, төрт бояулы офсетті баспа, суретшісі Данияр Мұхамеджанов. Пошта маркасымен қатар алғашқы күннің хатқалтасы және арнайы пошта мөртабаны жасалды.
Ал 500 теңге номиналымен шыққан «Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының 10 жылдығына арналған монета» күмістен құйылған. Салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм. Таралымы - 4 мың дана, нарықтағы бағасы 6 мың теңге.
«Біздің төрағалығымыз үстіміздегі жылдың 15 маусымында Астанада ШЫҰ-на жыл толуына арналған саммитің өткізілуімен аяқталмақшы. Осы Ұйымның тарихындағы елеулі оқиғаны есте қалдыру үшін және Қазақстанның төрағалығына арнап ҚР Сыртқы істер министрлігі ШЫҰ Хатшылығының қолдауымен, ҚР Ұлттық банкімен және «Қазпошта» АҚ біріге отырып, естелік монета мен пошта маркасын шығарған»,-деді Ш. Нұрышев.