ШЫҰ-ның сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын өзектендіру қажет - В.Путин

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымының сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын өзектендіру қажет. Бүгін Душанбеде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында РФ Президенті Владимир Путин осындай ұсыныс жасады.

«Құрметті әріптестер! Әлемдік экономикадағы дағдарысты құбылыстың әлі де болсын еңсерілмегендігін еске салғым келеді. Ал қазіргі шектеу мен тосқауыл сынды әртүрлі саяси тәуекелдер істі одан ары қиындата түседі. Жаһандық іскерлік ахуалға тікелей шығын әкеліп, халықаралық сауда мен қаржы жүйесіндегі сенім деңгейін төмендетеді», - деді РФ Президенті.

Осы ретте В.Путин 2003 жылы қабылданған ШЫҰ-ның сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын және 2008 жылғы оны жүзеге асыру жоспарын өзектендіру мәселесіне назар аударуды ұсынды.

«Мұндай кооперация үшін көптеген тетіктер бар - бұл ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесі мен Банкаралық бірлестігі, бейінді ведомстволар басшыларының кеңестері», - деді ол.