ШЫҰ-ның жоспарына қатысушы-елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде күш-жігерлерді біріктіру кіреді - Д. Медведев
12:21, 05 Желтоқсан 2012
БІШКЕК. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - ШЫҰ-ның жоспарына қатысушы-елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде күш-жігерлерді біріктіру кіреді.
Бұл туралы бүгін Қырғызстанның астанасында ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеген РФ Премьер-Министрі Дмитрий Медведев айтты.
«Экономикалық жағдай тұрақсыз болып қалуда, бірақ ШЫҰ-ға мүше-елдерге жалпы алғанда қаржылық-экономикалық дағдарыстың өткір кезеңдеріне тойтарыс беру қолдарынан келуде», - деді Д. Медведев.
РФ Үкіметінің басшысы атап өткендей, әлемдік экономиканың бәсеңдеуі қалай болғанда ШЫҰ-ға мүше-елдерге әсерін тигізеді және Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша нақты ІЖӨ-нің көлемі биыл шамамен 3 пайызға төмендейді. Сондықтан да ШЫҰ-ның жоспарына күш-жігерді біріктіру және экономикалық саясатты келісу арқылы мүше-елдердің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті кіреді.