Құжат мәтіні Сиань провинциясындағы Шэньси қаласында өткен ШЫҰ елдерінің трансшекаралық эпизоотиялық аурулардың алдын алу және мониторингі бойынша ынтымақтастық жөніндегі конференцияда келісілген.
Меморандум бақылау, трансшекаралық эпизоотиялық аурулармен күрес, ШЫҰ-ға мүше- мемлекеттер ынтымақтастығын жолға қою, індет қаупінің алдын алу шараларын жасақтау, сондай-ақ тағам өнімдері саудасының қауіпсіздігі, жануарлар және олардың өнімдерін өңдеуде өзара ынтымақтастықты қарастырады.
«Бұл бізге ШЫҰ елдерінің ветеринарлық қызметі арасында тікелей байланыс жасауға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ біздің елдеріміз арасында сауда рәсімдерін жеңілдетеді. Біздің бизнеске бұл көмек»,-деді қазақстандық журналистерге берген сұхбатында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.