Си Цзиньпин Қытайды ғаламдық кибер-державаға айналдыруға шақырды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР төрағасы Си Цзиньпин интернет қауіпсіздік және ақпараттандыру бойынша орталық топты басқаруды қолға алды. Топтың мақсаты - интернет қауіпсіздік және ақпараттандыру саласын басқару, оны мемлекеттік реттеу, сондай-ақ ақпараттық қауымды дамыту жоспары мен ұлттық стратегияны жасау, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

«Біз мемлекетті кибер-державаға айналдыруға үлес қосуымыз керек», - деді ҚХР басшысы.

Си Цзиньпиннің сөзіне қарағанда, интернет қауіпсіздік және ақпараттандыру - ел қауіпсіздігі саласының негізгі стратегиялық мәселесі.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян және Қытай коммунистік партиясының бас идеологы Лю Юньшань топ төрағасының орынбасары болды. Қытай әлемдегі кибер-шабуылдан жапа шегіп жүрген ірі мемлекеттердің бірі. Соңғы уақытта 3 мыңнан астам үкіметтік сайт бұзылды. 1 аптаның ішінде, яғни ақпанның 10-ы мен 16-сы аралығында Қытайда 690 мыңнан астам компьютер вирусталды.