Си Цзиньпин ЮНЕСКО-мен арадағы тұралап қалған көпжылдық қатынасты жандандырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қытай мемлекеті тарихындағы ЮНЕСКО-ға ресми сапармен барған алғашқы басшы болды.

ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде төраға Сиді және Қытайдың бірінші ханшайымы Пэн Лиюанді салтанатты түрде қарсы алды. Азаматша Бокова бұл сапардың «тарихи» сапар екенін атап өтіп, Қытай мен ЮНЕСКО арасындағы тұралап қалған көпжылдық қатынас жандана бастады деді.

Өз сөзінде Мирина Бокова Қытай ЮНЕСКО негізін қалаған мүше болып табылатынын тағы бір еске салды. «Өз үйіңізге қош келдіңіз!», -деді Си Цзиньпинге азаматша Бокова. Қытай 1946 жылы 4 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше мемлекет атанды. Қытай Дүниежүзілік мұраның 45 нысанына, Материалдық емес мәдени мұра тізімінде 38 элементке, «Адам және биосфера» бағдарламасында 32 биосфера қорығына, сондай-ақ «Әлем естелігі» тізілімінде 9 атауға ие.