Сиань-Алматы достық веложарысы Ұлы Қытай қорғанының батыс бөлігіне жетті

ЦЗЯЮЙГУАН. ҚазАқпарат – Сиань-Алматы достық веложарысы командасы Ұлы Қытай қорғанының батыс бөлігі – Цзяюйгуанды бағындырды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Жаңа жібек жолы» Қоғамдық қорына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ОФ " Новый шёлковый путь "

«Жолдың 20-күні басталды. Веложарыс қатысушылары жақын күндері Шыңжан-Ұйғыр автономды облысының шекарасын кесіп өтпекші. Спортшылар Қазақстан шекарасына 2 қыркүйек күні кешке жетуді жоспарлап отыр, ал 3-еуі веложарыс қатысушыларын салтанатты түрде күтіп алып, шығарып салады», - делінген ҚҚ хабарламасында.

Ұлы Жібек жолының бойымен жолдың барлық бөлігінде спортшылар тарихи орындар мен ескерткіштер, храм мен мешіттер, қала мен ауылдардың арасынан өтті. Велосипедшілер Ұлы Қытай қорғанының ең батыстағы бөлігіне де жетіп, күзет мұнарасы мен қорғанның бекіністерінде естелік суретке түсті.

Алда оларды ыстық жел соғатын шөл далалар, биік, тік жарлары бар Шыңжан таулары күтіп тұр.