Сиан қаласында ҚР Ұлттық музейінің көрмесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Сиан қаласында Қазақстан Республикасы  Ұлттық музейі жәдігерлерінің көрмесі ашылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

 «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» деп аталатын көрмені Шэньси провинциясы Мәдени ескерткіштер басқармасы ұйымдастырды. Мұнда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінен әкелінген 370 жәдігер қойылған.