Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Фото: Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы тағайындалды.

Бұл қызметке ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Қуаныш Жұмағалиұлы Ахметқалиев келді.

Аймақ басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздылығын атап өтіп, департаменттің жаңа басшысының жұмысына сәттілік тіледі.

Қ.Ахметқалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетінен «Құқықтану», Қазақстан-Америка еркін университетінен «Қаржыгер» мамандықтарын алған. «Құқықтану» магистрі.

Еңбек жолын 2005 жылы қаржы полициясы анықтау бөлімінің бас инспекторы болып бастаған. 2005-2018 жылдары Астана қаласының қаржы полициясында және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстық департаменттерінде жауапты қызметтер атқарған.

2018-2019 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер және Қаржы мониторингі комитеттерінде еңбек еткен. 2019-2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі орталық аппаратында басшылық лауазымдарда болған.

2022-2023 жылдары агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, 2023 жылдың мамыр айынан бүгінге дейін агенттіктің орталық аппаратының анықтау және алдын алу қызметі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облыстық Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы тағайындалды.