Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қайта құрылды – ҰҚК мәлімдеме жасады

Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлайды.

— Жаңа ведомство «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» құрылды. Осыған байланысты комитетте бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейді, — делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, 30 маусымда Президенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына өткізуі туралы Жарлығы шықты