«Сібір өзендері ағынының бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азияға бұру жөніндегі жобаны іске асыру мәселесі 2021 жылғы тамызда, Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев пен Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі А.Козловтың кездесуі барысында талқылады. Ресей тарапы түрлі, оның ішінде су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарларға байланысты Қазақстан аумағына суы мол өзендердің ағыстарын бұру мәселесін қарастыру мақсатқа сай келмейтіндігі жайлы ресми ақпарат берді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.
13:10, 28 Шілде 2023
Сібір өзендерінің бірінің арнасын Қазақстанға бұру жобасы жүзеге аса ма
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сібір өзендерінің бірінің арнасын Қазақстанға бұру жобасы жүзеге асырыла ма? Мәжіліс депутаттарының дәл осы сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайылов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.