Бұл туралы аталған университеттің ректоры Бақытжан Әбдірайым мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, конференцияға көптеген шетелдік және отандық ғалымдар, Кеңес Одағы кезінде көтерілген осынау халықаралық жобаның жақтаушысы, Мәскеу мэрі Юрий Лужков қатысады. «Конференция кезінде осы халықаралық бастаманың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық аспектілері талқыланады», дейді Б.Әбдірайым.
Айта кетейік, жақында Ресейде Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың «Су және бейбітшілік» атты еңбегі жарық көрген болатын. Онда автор бүгінгі ауыз су мәселесіне тоқталып, Кеңес Одағы кезінде көтерілген Сібір суларын Орталық Азия аймағына жіберу жобасын жүзеге асырудың маңыздылығы туралы кеңінен жазған. Ю.Лужковтың пайымдауынша, осы жобаны іске асыру арқылы Қазақстанға қосымша 10 млн.текше метр ауыз су жіберуге болады.