Сібір жарасы бойынша карантин тоқталды - Павлодар облысындағы баспасөз конференциясы
10:55, 12 Шілде 2010
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - ҚазАқпарат бұрын хабарлағандай, Павлодар облысында сібір жарасы бойынша жарияланған карантин тоқтатылды.
Шілденің 10-ы күні арнайы өткізілген баспасөз мәслихаты барысында облыс басшысының орынбасары Александр Вербняк маусымның 20-сы күні сібір жарасын жұқтыру оқиғасы тіркелген Ақсу ауылдық зонасындағы Жолқұдық ауылдық аймағындағы карантинннің тоқтатылғанын ресми түрде жариялады.
Жедел түрде инфекцияның себебі анықталды - ауру малды ветеринарлық қызметінің рұқсатынсыз сойып, тамаққа қолданған. Тексеру барысында сібір жарасын жұқтырған жеті адам, 119 қатынаста болған адам анықталған, оның екеуі көз жұмды.
Ауруханада жатқан бес адамның жағдайы қанағаттанарлық.
Ақсу қаласы әкімінің бұйрығымен карантин шілденің 10-ы күні тотқатылды.